Тұрсынбек Қабатов: Әйел үйдің отағасына айналды (Видео)

Тұрсынбек Қабатов: Әйел үйдің отағасына айналды  (Видео)
Фото: 1080.plus

Талайды таңқалдырып жүрген Тұрсынбек Қабатов өзінің монологтарымен біраз белесті бағындырғаны белгілі. Өмірде болып жатқан оқиғаларды нақышына келтіріп орындап, жұртты қыран-топан күлкіге қалдырып жүр. Қазақтың қарапайымдылығы мен тектілігін тіліне әркез тиек ететін талантты жігіт бұл жолы әйелінен аса алмай жүрген ер азаматтарға әзіл арнады. Қонақ қылып үйіне бір кісі кіргізу үшін әйелімен ақылдасатын жігіттерге өкпесін айтып, бір бала тапқаннан кейін қылықтың бәрін доғарып, қыңырлық таныта бастайтын келіндердің хикаяттарын баяндап берді. Сонымен үйдің отағасы мен от анасы бір ғана адамға айналған ащы әзілге назар аударыңыздар.  

B. ZHAQSYMBET