Джастин Халперннің әкесі керемет адам. 70 жастағы қарт ұрпағына ақыл айтумен келеді. Қалыптасқан түсініктердің немесе жаңашылдыққа балап жүрген дүниелеріміздің қателігін мойындата айтып салады дейсің.
Бірақ бір ерекшелігі – оның сөздері дисфемизм сөздермен «әрленген». Оның туиттердегі парақшасына қазіргі таңда 3 миллион адам жазылып қойған. «Shit My Dad Says» («Әкем айтқандары») және Джастинге тікелей арналған сөздер.
- Ол әйел – сен керемет... Сенің деңгейің емес пе? Сенің кереуетіңе қайсысы түнегісі келетінін өздері шешсін, балам.
- Балам, сен өте уайымшылсың, мә бәліш же. Не? Одан саған жақсы бола ма, жоқ па ол жағын білмеймін, тек мен тым көп бәліш пісіріп қойыппын.
- Сенің ұялы телефоның бар болса, не бопты? Түкіргені бар оған бәрінің. Сен оны жасаған жоқсы, тек сатып алдың. Ал сатып алу әрбір ақымақтың қолынан келеді.
- Сен суға түсіп жатқаныңда мен асхана кранын ашып қойдым, сенің суың тым ыстық болып кете ме? Жоқ! Мен ендігіде бұлай жасамаймын деп өтірік айтпаймын, ал бұдан өзің шешім жасай бер, жақсы ма?
- Мен үнсіздікті қалаймын, бұл сені жақсы көретінімнің белгісі емес. Мен тыныштықтың болғанын қалаймын.
- Кейінірек сөйлессек болмай ма?! Қазір жаңалықтар беріліп жатыр. Егер сен туберкулез ауруын жұқтырсаң, жарты сағаттың ішінде ештеңе де өзгермейді!
- Балаң жасы жеткенде сөйлейді ғой, тегі! Қатерлі ісік ауруды қалай емдеу керек екенін білсе бір жөн-ау!
- Мен таз болып қалғанымда мазақтағаның бар еді ғой, есіңде ме? Жоқ мен сені мазақтамаймын, оны айна өзі-ақ жасайды.
- Мен пессимист емеспін. Әрбіріміз де қиын жағдайға ұшырауымыз мүмкін. Ал қиын жағдайға ұшырамаймыз деп ойлау оптимист болу емес, топас болу деген сөз.
- Драмаға айналдыра көрме! Сенің иелігіңде теледидар мен көрпең ғана бар. «Барымды жоғалттым» деудің қажеті жоқ қой!
- Уайымдау деймісің? Жоға, сенің үйлену тойың спорттық киім киіп жүре алмайтын күнім ғана!
- Ғылым мен табиғат ана некеде тұрады. Және ғылым үйіне әрбір келген сәтте табиғат ананың көршімен отырғанын көріп таңғалады-ай.
- Мұндайда айтылар бір сөз бар... Не? Мен қайдан білейін ол сөзді?! Ақын дейсің бе мені?!
- Уайымдап отырсың ба? 5 миллион жылдан соң күн жарылып кетеді. Сосын сен жасағанның ешқайсысы да маңызды болмай қалады. Енді жақсы болып қалдың ба?
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: livejournal.com