- Негізгі бет
- Езутартар
- Тікелей эфир жүргізіп...
Тікелей эфир жүргізіп отырған журналист ойланып кетті
Фото:
Twitter
Аустралияның АВС арнасының дикторы Наташа Экселби үзіліс арасында ойланып кетіп, тікелей эфирге шыққанын байқамай қалды. Журналист қыздың осы сәттегі реакциясын бүгінде мыңдаған адам тамашалауда.
"Осы оқиғадан кейін телеарна басшылығы дикторды жұмыстан шығарып жіберген", - деп жазды жергілікті ақпарат құралдары. Бірақ телеарна басшылығы бұл ақпаратты жоққа шығарып, болған оқиғаға қатысты былай деп пікір білдірді:
– Эфирге шығатын жандарға жоғары талап қоямыз. Бірақ осындай ақымақ қателіктің кесірінен ешкім ешқашан да жұмыстан шығарылмаған, - деді телеарнаның жаңалықтар бөлімінің басшысы Гавен Морис.
М. Оңғарова