- Негізгі бет
- Езутартар
- "Сізді құтқарған бір...
"Сізді құтқарған бір ауыз сөз"
Ол ұйқысынан оянғанда басы қорғасыны босап кеткен асықтай болып солқылдап тұрды. Өйткені, кеше үйіне қайтқанда шылқа мас еді. Ісініп, ірің басқан көзін зорға ашты. Көзіне шалынғаны төсектің басына қойылған бір стақан қайнаған су мен бас ауруын басатын дәрілер. Ал киімдері де әдемілеп үтіктеліп, қатталған екен.
Ол өзіне мүлде жат, әрі бейтаныс осы көріністерді көріп таң-тамаша болды. Үй ішін айнала шолып шықты. Бәрі де қаз қалпында. Айнадай жарқыратып қойыпты. Бәтеңкесі де жарқырап майланып тұр. Көйлек, галстук, жұмысқа киер киім бәрі де үтіктелген, тап-таза қалпында.
Таңдана жүріп, жаңағы бас ауру дәрісін ішпек болды. Ол сонда ғана барып, көзі шалды. Жанында бір парша хат тұр екен. «Сүйіктім, мен дүкенге кеттім. Таңғы асың үстел үстінде тұр. Суытпай ішіп ал. Сүйем сені» деген жазулар жазылыпты.
Тәуба! Шынында ғажап. Еш нәрсенің байыбына бара алмаған ол ас үйге кіріп еді, кеңсірікті жаратын хош иісті таңғы ас үстел үстінде тұр. Ал қасына сол күнгі таң гәзеті де қойылған. Әйелінің бұған деген өмірдегі бар сүйіспеншілгі, махаббаты бүгін оянғандай.
Тамақ ішіп отырған баласынан:
- Балам, кеше сірә, нендей іс туылып еді? – деп сұрады.
- Сіз, таңғы сағат үште айғайды салып, теңселе басып үйге келдіңіз. Мас боп жүріп үй жиһаздарын да құлатып алдыңыз. Тіпті, біраз ыдыс-аяқ та шағылды. Онымен қоймай көрінген жерге соғылып, көзіңізді де ісітіп алдыңыз.
Естіген сайын таңғалысын тіпті де жасыра алмаған ол:
- Онда шешең қалайша қалайша бәрін ештеңе болмағандай етіп жинастырып, маған дәмді тағамдар әзірлеп қойған?
Баласы әлде не есіне түскендей:
- Еее, соны сұрап тұр екенсіз ғой. Кеше шешем сіздің мас болып таңға жуық келгеніңізді көріп, ашуға булыққаны соншалық, есіңізді білмей сұлап жатқан сізді сүйреп әкеліп, лас болған киімдеріңізді жумақ болып шешіп жатқанда, сіз оған: «Әй, қарындас, менен аулақ жүр. Мен әлдеқашан үйленген адаммын» деп айғайладыңыз! – деді жай ғана.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com
Қ. Қауымбек