Сүйікті смайлыңды айнытпай сал!

Сүйікті смайлдарымызды ғаламтор ортасында ғана құттықтап қоймай, көңілді мерекеге алматылық жастарымызды да қатыстырсақ деген ниетпен қолымызға фотоаппаратымызды алдық та, жол тартып кеттік. Көпшілік жастар смайлдарды жиі қолданса да, оның туған күні туралы ештеме білмейтін болып шықты. Естіген сәтте, абыр-сабыр болып құттықтау айтқандар да жоқ емес.

Қала көшелеріндегі жастардың ортасына:

1. "Смайл" дегенді қалай түсінесіз? Бір сөйлеммен жеткізіңіз.

2. Ең сүйікті немесе ең жиі қолданатын смайлыңыз қандай?

3. Өзіңіз таңдаған суреттегі смайлды қайталап беріңіз? - деген өтініш-сұрақтарды жаудырдық. Олардың тарапынан болған жауаптар төмендегідей:

Дулат Назерке, 3 курс студенті

1. Смайл – көп сөз жазбай, уақытты үнемдеудің құралы.

2. Сүйікті смайлым – 

Шаймарданов Олжас 2 курс студенті

1. Смайл деген көңіл-күйді виртуалды әлемде оп-оңай білдірудің таптырмас құралы.

2. Сүйікті смайлым – 

Бақытбекова Гүлнұр, 3 курс студенті

1. Смайл сөзін көңіл-күйдің синонимы деп айтар едім.

2. Сүйікті смайлым – 

 

Амангелді Айдана, 3 курс студенті

1. Смайл – адамның эмоциясының көрінісі.

2. Сүйікті смайлым – 

Өтепов Ердаулет, 1 курс студенті

1. Смайл деген – интернеттегі ең пайдалы құрал.

2. Сүйікті смайлым – 

Амирбекова Жансая, 3 курс студенті

1. Смайл – сол сәттегі көңіл-күйіңді, артық сөзсіз, артық қимылдарсыз тура жеткізуге керек таңба.

2. Сүйікті смайлым – 

Тамабек Дидар, Шуленбаев Қанат, 2 курс студенттері

1. Жігіттерге смайл махаббат сезімін білдіру үшін өте қажет. Жеткізетін сөз таппай қалғанда, смайлды қолдана саласың.

2. Сүйікті смайлдары –  және жүрек

Ебелекбаева Айгерім, 3 курс студенті

1. Смайл сөзі айтыла қалса, күлкі елестейді.

2. Сүйікті смайлым – 

Туған күніңмен, сүйікті де сүйкімді смайл!

Арнайы Мassaget.kz үшін: Айгерім Сматуллаева және Қарлыға Бүйенбай