Сүйікті смайлыңды айнытпай сал!

Сүйікті смайлыңды айнытпай сал!

Сүйікті смайлдарымызды ғаламтор ортасында ғана құттықтап қоймай, көңілді мерекеге алматылық жастарымызды да қатыстырсақ деген ниетпен қолымызға фотоаппаратымызды алдық та, жол тартып кеттік. Көпшілік жастар смайлдарды жиі қолданса да, оның туған күні туралы ештеме білмейтін болып шықты. Естіген сәтте, абыр-сабыр болып құттықтау айтқандар да жоқ емес.

Қала көшелеріндегі жастардың ортасына:

1. "Смайл" дегенді қалай түсінесіз? Бір сөйлеммен жеткізіңіз.

2. Ең сүйікті немесе ең жиі қолданатын смайлыңыз қандай?

3. Өзіңіз таңдаған суреттегі смайлды қайталап беріңіз? - деген өтініш-сұрақтарды жаудырдық. Олардың тарапынан болған жауаптар төмендегідей:

Дулат Назерке, 3 курс студенті

1. Смайл – көп сөз жазбай, уақытты үнемдеудің құралы.

2. Сүйікті смайлым – Tongue out

Шаймарданов Олжас 2 курс студенті

1. Смайл деген көңіл-күйді виртуалды әлемде оп-оңай білдірудің таптырмас құралы.

2. Сүйікті смайлым – Smile

Бақытбекова Гүлнұр, 3 курс студенті

1. Смайл сөзін көңіл-күйдің синонимы деп айтар едім.

2. Сүйікті смайлым – Embarassed

 

Амангелді Айдана, 3 курс студенті

1. Смайл – адамның эмоциясының көрінісі.

2. Сүйікті смайлым – Kiss

Өтепов Ердаулет, 1 курс студенті

1. Смайл деген – интернеттегі ең пайдалы құрал.

2. Сүйікті смайлым – Wink

Амирбекова Жансая, 3 курс студенті

1. Смайл – сол сәттегі көңіл-күйіңді, артық сөзсіз, артық қимылдарсыз тура жеткізуге керек таңба.

2. Сүйікті смайлым – Embarassed

Тамабек Дидар, Шуленбаев Қанат, 2 курс студенттері

1. Жігіттерге смайл махаббат сезімін білдіру үшін өте қажет. Жеткізетін сөз таппай қалғанда, смайлды қолдана саласың.

2. Сүйікті смайлдары – Wink және жүрек

Ебелекбаева Айгерім, 3 курс студенті

1. Смайл сөзі айтыла қалса, күлкі елестейді.

2. Сүйікті смайлым – Laughing

Туған күніңмен, сүйікті де сүйкімді смайл!

Арнайы Мassaget.kz үшін: Айгерім Сматуллаева және Қарлыға Бүйенбай