Сүрбойдақ пен отырған қыз қалай қосылады? (видео)

Белгілі бір уақыт келген кезде әрбір ер азаматқа үйленіп, аруларға тұрмыс құру керек болады. Өзінің қызыққа толы жастық шағын отбасылық өмірге арнай алмағандар мерзімі өткеннен кейін қыздар отырып, жігіттер сүрбойдаққа айналатыны сөзсіз. Қыз таңдап, тауып берген сұлуды көп ұната бермейтін жігіттерге бұл уақытта қолайлы қалыңдық табудың өзі үлкен мәселеге айналады. Ал, жастық шағында жігіт менсінбей, мансап жолымен кеткен бойжеткендер отыздан асқаннан кейін тұрмыс құруды түсінде де көретін болады. Осындай бір отырған сұлу мен сүрбойдақ атанған жігіттің көрінісін көз алдарыңызға ұсынуды жөн санап отырмыз. Құқық қорғау қызметінде жүріп отбасылық жағдайдан алшақ кеткен Бейбіт есімді сұлу мен ауылдың сыртына аттап баспаған Қорғанның қызықты әзілін тамашалаңыздар.