Сөз тіркестерін әртүрлі түсінуге болады

Сөз тіркестерін әртүрлі түсінуге болады
Фото: google.com

Қазақ тілі әлемдегі сөздік қоры ең көп 3 тілдің қатарына кіреді.

Бірінші орында, шамамен 12 млн 300 мың сөзі бар ең бай тіл – араб тілі. Ал, 700 мың сөзбен ағылшын тілі екінші орында тұр. Біздің қазақ тілінде 600 мың сөз тіркелген екен. Одан кейінгі көрсеткіш бойынша, испан тілінде 300 мың, орыс тілінде 150 мың сөз бар. Қытай тілі 87 мың иероглифпен үздік алтылықты аяқтап тұр. Жер шарында 6 мыңнан астам тіл бар болса, сол тілдерді адамдардың қолдану саны бойынша қазақ тілі 70-орында тұр.

Біздің тіліміздегі кез келген сөз көп мағыналы бола алады. Тіпті, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды да басқа мағынада түсінуге болады. Солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл мақала тек езутартар бағаны үшін әзірленді.

Ашықауыз

Мағынасы: аңқау, сыр сақтай алмайтын кісіге айтылатын адамның қасиеті.

Қол ұшын тигізу 

Мағынасы: көмектесу

Ал, бұл суреттің мағынасы қандай деп ойлайсыз? Кезінде ата-бабамыз анасына қарап қызын ал дейтін еді. Заман өзгерген сайын, бұл мәтелге де өзгеріс енді: Авасына қарап қызын ал

Бұл суретті көргенде көзіңізге алғаш қолданған телефоныңыз елестеуі мүмкін. Өз жұмысын осы көрініспен бастайтын – "Нокиа"

Ырым: Таяққа таянба

Қазақта кісі қайтыс болған үйде ерлер таяққа сүйеніп, әйелдер бүйірін таянып жоқтау айтады. Сол себепті, бұл қимылды жаман ырымға балаған. 

Қас пен көздің арасы

Мағынасы: жылдам, тез.

Турникет

Қазіргі қоғамға жаңадан енген сөз. Турникет белгілі мекеменің кірер есігіне, күзетші орындығының қарама-қарсы беткейіне орналастырылады. Қауіпсіздік үшін өте ыңғайлы замануи құрылғы.

А. Қажиев