- Негізгі бет
- Езутартар
- Шыныдан шығатын Жын...
Шыныдан шығатын Жын XXI ғасырда болса...
Бірде есепші, хатшы және менеджер бір жерде отырғанда жұмбақ шыны тауып алады. Ойланбастан шыныны ысып көрсе, ішінен Жын шыққан екен. Таңданысып, не істерін білмей қалған оларға Жын:
– Үшеуіңнің бір-бір тілектеріңді орындаймын. Айта беріңдер, бөгелмеңдер,– дейді.
– Мен бірінші айтамын, мен бірінші,– деп айқайлады хатшы, – Мен дәл қазір Багама аралында болғым келеді. Ештеңе ойламастан, жақсылап демалайын,– дей бергені сол екен, көз алдарынан ғайып болды.
– Енді мен, енді мен!– деді есепші, – Гавай аралына барғым келеді. Жағажайда тоқтаусыз массаж жасатып, таусылмайтын махаббатқа бөленгім келеді, – деді де, отырған орнынан жоғалып кетті.
– Енді сіздің кезегіңіз,– деді Жын менеджерге.
– Мен әлгі екеуінің түстен кейін кеңсеге қайта оралғанын қалаймын! – деді менеджер.
Қорытынды: бастықтың алдын орап сөйлемеңіз.