"Ат жақсысы арбада болар,
Жігіт жақсысы саудада болар" демекші, кәсіптің көзін тауып, өз жұмысын алға қарай жүргізіп жатқан жандар жетерлік. Түрлі заттарды сатылымға шығарған саудагерлер де өздерінің мүлікін өзге біреуге өткізу үшін көптеген әрекетке барады. Бірі өлең оқып қасыңызға келгенде, қолындағысын қалай алып қойғаныңды білмей қаласаң, енді бірінің заты өзі-ақ сөйлеп тұрады. Жарқырып маңынан өткен көпшілікті бірден өзіне тартып, алмасқа амал қалдырмайды. Осындай адал сауданы сәуегейлеп, өзінің сынған затын алаяқтық жолмен өткізіп жіберетіндер де кездеседі. Олардың тұзағына түсіп қалсаңыз, алған затыңыз кәдеге аспай қалуы мүмкін. Кей кездерде сатушының сансыз өтірігін өзіне пайдаланып, алдап кететін тұтынушылар да кездеседі. Сондай көріністі сахналап, базардағы ақырып жүріп адамдарды ақымақ қылатындарды әшкере қылған "Шымкент шоу" театрының қойған "Шапан" атты қойылымына назар аударыңыздар.