Талай жастардың арманын орындап, болашаққа қанат қағуына өз септігін тигізіп отыырған "жайдарман" жастар әзіл мекенінінң бүгінде талай белесті бағындырғаны белгілі. Талай құрама биікке көтеріліп, чемпион атанып ары қарай өз жолдарымен кетсе, соңынан еріп жаңа әзілдерімен көрермендерді қуантып жатқан жас командалар да жетерлік. Соның бірі Жамбыл облысының "Шу-чу" құрамасы. Әркез сахнаға шыққан сайын туған жерлерін айту арқылы халықты күлдіретін жігіттер бұл жолы шу мекеніне мүлде тиіспеген екен. Сонымен жаңа стилді ұстаған жігіттердің өнерін тамашалаңыздар.