- Негізгі бет
- Езутартар
- Іші пысқанда ит...
Іші пысқанда ит те амалын табады (видео)
Фото:
youtube.com
Қолға ұстаған жануарларға көңіл бөлу қажеттігін кейбір қожайындары ұмытып кетіп жатады. Тамағын уақытылы бермей немесе қыдырудан қалдыру қарауыңыздағы итіңіз бен мысығыңызға, өзге де жануарларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай жағдайдың соңы кейде қайғылы оқиғалармен де аяқталып жатады. Бүгін біз сіздерге колли тұқымынан шыққан ит туралы қызықты видео ұсынамыз. Иесі жұмысқа кетіп, үйінде ешкім қалмаған кезде төбет өзінің добын алып көшеге тастайды екен. Ары-бері өткен жолаушылар қайтадан ойыншықты аулаға лақтырады. Осылайша уақытын тиімді өткізуді үйренген төбет біраз жұртты таңғалдырды.
B. ZHAQSYMBET