Сәйкестік деп осыны айт!

Адам өмірінде сәйкестіктер болып тұрады, бірақ төмендегі біз ұсынған сәйкестіктер мыңжылдықта да қайталанбайтын шығар, кім білсін...

4 жасар Роджер Лозьер 1966 жылы теңізде су астына кетіп қалуы мүмкін еді. Бірақ оны Элис Блейз есімді әйел құтқарып алған. Дәл сол жерде, 8 жыл өткен соң, Роджер Элис Блейздың күйеуін құтқарып алыпты. Нейл Армстронг ай бетіне қонған сәтте «Сізге сәттілік тілеймін Горски мырза!» депті. Бала кезінде Нейл көрші үйдегі жанжал кезінде Горски деген фамилияны естіп қалыпты. Сол айқай кезінде өз күйеуіне: «Сен әйел адамға жағам дегенше, көрші үйдің баласы айға қонатын шығар!» депті. 1965 жылы «Вокруг света за 80 дней» фильмін көрсетіп жатқан кинотеатрдың төбесіне дәл сол фильмдегідей ауа шары құлап түсіпті. Ал фильмде басты кейіпкерлер өз әуе шарына отырып жатыпты. Отбасы болып «Титаник» фильмін көріп отырған үйге мұзды метеорит түсіпті. Мұзды метеориттің құлауы тарихта болмаған жағдай еді. Мектепте сабақ беретін егде мұғалім тақтаға одақ әскерлерінің Нормандияға басып кіру құпия операцияларының кодын жазып қойыпты. 1944 жылы «Дейли телеграф» бұл кодты басып шығарған. Тыңшылар дер кезінде мәлімет таратқан адамды іздеп тапқан кезде мұғалім өз-өзіне сенбепті. Екі бірдей, бірақ бір-бірін білмейтін отбасы егіздерді асырап алады. Екі отбасы да балалардың атын Джеймс деп қояды. Сыңарлар ештеңені де білмей өсіп, екеуі де заңгер мамандығын таңдайды. Кейін екеуі де Линда есімді қыздарға үйленген. Екеуінің де отбасында ер бала туылады. Кейін 40 жылдан соң ғана олар бір-бірінің барын біледі. 1920 жылы пойызбен саяхат жасап жүрген әрі бірін-бірі танымайтын үш адамның аттары Бинкхем, Пауэлл және Бинхем-Пауэлл екен. Ешқайсысы да туысқан болмай шыққан. Англияның Чешир деген қаласында супермаркет бар. Сол супермаркеттің 15-нөмірлі кассасында отырған қыз бірер апта өтпестен екіқабат бола қалады екен. Нәтижесінде 24 кассир қыз екіқабат болып, 30 ұл тапқан. Ең соңғысы тіптен қызық: 1664 жылы Уэльс жағалауында жолаушы кемесі су астына кетеді. Тек Хью Уильямс есімді бір ғана адам тірі қалады. Ал ғасыр өткесін, 1785 жылы дәл сол жерде тағы бір кеме суға кетеді. Мұнда да Хью Уильямс есімді бір ғана адам тірі қалыпты. Бұл аз десеңіз, 1860 жылы 5 желтоқсанда дәл осы жерде балық аулау кемесі батады. Бір ғана адам тірі қалады. Мұнда да оның аты – Хью Уильямс!

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: hq-wallpapers.ru