- Негізгі бет
- Езутартар
- Сәтсіз кездесуден сақтандыратын...
Сәтсіз кездесуден сақтандыратын қызмет ашылды
Британдық Confused.com компаниясы әзіл-шыны аралас әйтеуір бір сақтандыру қызметін ұсынып отыр. Бұл туралы Metro ақпараттық порталы жазған.
Компания сәтсіз кездесуден сақтандырады. Бұл ойға аталған компания не үшін бекіген екен? Сөйтсек, компания алғашқы кезде тұрмысқа шықпаған қыздар автокөлік сақтандыруына тұрмысқа шыққандарға қарағанда 400 доллар артық жұмсайтынын біліпті. Ал компания өз кезегінде тұрмысқа шықпаған қыздардың көп шығындалмасы үшін қызмет атқарғысы келген екен. «Қыздар кездесуге барғанда ақшаны жігіттен көп шығындайды. Себебі ол боянып, жасануы үшін қыруар ақша жұмсайды. Ал кездесудің бәрі сәтті бола бермейтіні анық. Қыздар кездесуге өте көп барады. Ақша да тиісінше көп жұмсалады» дейді Confused.com өкілі.
Осы бір әзілі аралас жоба аясында ұйымдастырушылар ең сәтсіз кездесу туралы деректерді топтастыратын болған. Сол зерттеу барысында алғашқы кездесуге келген азаматтардың 76 пайызының өз таңдауына көңілі толмайтыны анықталыпты.
Ең сәтсіз кездесу ретінде супермаркет ішіндегі кафеге шақыру алдыңғы орында тұр екен. Одан кейінгі тізімде мал сату базары, мектепішілік концерт, су тазалау стансысы, тіпті табыт жасайтын фабрикалар да бар болып шыққан. Дәл осындай жерлерге кездесуге шақыруды адамдар сән деп тапса керек.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: bomz.org
А. Құлтай