Бір сәтке сәбилер өз ойларымен бөлісе алады деп елестетіп көрейікші. Қандай шағым айтып, қандай мәселені шешпек болар еді? Біз сияқты ойларын форумға жазатын болса ше?..
«Жаңа памперс мені толық етіп көрсетеді. Басқа түрлерін ұсыныңыздаршы»
«Аудандық емханаға барып, жылап-жылап, шерімді тарқатып қайттым»
«Мысықтың итаяғына жолатпайды. Не істесем болады?»
«Интернетке жалаңаш суреттерім шығып кетті. Мұнымен қалай күресуге болады?»
«Ұялы телефон – ең үздік ойыншық. Кім менімен келіседі?»
«Көмектесіңіздер! Аяқ киім кигізіп қойды - енді қалай тұрамын?!»
«Емшектегі балаларға сұрақ: Жаңа жыл түнінде аналарыңыз не жегенін қалайсыздар?»
«Көмектесіңіздер! Шашым өсіп барады!!!»
«Қызмет ұсынамын: бетке шоколадпен сурет саламын»
«Шетелде демалу. Ата-анам міндетті түрде қасымда жүруі керек пе?»
«Бепантен мазінің дәмін кім көрді? Дәмін өте қатты көргім келеді, бірақ, сәті түспей жүр...»
«Ал сіздің көтеніңізден сүйе ме?»
«Досик, Мосик, ботақаным, қошақаным, күнім, еркем, жаным... Шын есіміңді қалай білуге болады?»
«Қандай кейіпте жатсаң сүйкімді көрінесің? Тәжірибелерімізбен бөлісейік»
«Маған сәбіз езбесі, өзіне - шоколад. Әділеттілік қайда?!»
«Мұрның қайсы? Көзің қайсы?.. Қайда екенін өздері білмей ме?»
«Күнде шомылдырады. Араларыңда мен сияқты кір-қожалақ біреу бар ма?»
«Сауалнама: Бөлме өсімдіктерін кім жеп көрді? Дәмді ме?»
«Анамның омырауынан жалығып кеттім! Әкемдікін көргім келеді! Кім менімен бірге?»
«Әбден тойдым!!!!!!!!!!!!!!! Мұны ата-анаға қалай түсіндіруге болады?»
«Сіздің материалдық көмегіңізге мұқтажбын: бізде тұз да, қант та жоқ. Құр ботқа жей беремін. Жүрегім айниды».
Сіздер де қиялдарыңызға ерік беріп, ой бөлісе отырыңыздар...
Сурет: www.psyho.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина