- Негізгі бет
- Езутартар
- Полиция Бэтменды жұмысқа...
Полиция Бэтменды жұмысқа алды
Бразилияның Таубате округы полициясы қылмыспен күресудің жаңа бір қадамына барып отыр, олар қызметке Бэтмен костюміндегі адамды алған.
Бұл ақпаратпен furfurmag.ru сайты бөлісіп отыр. «Қара жарғанат» рөлінде әскери-теңіз флотының 50 жастағы сарбазы Андре Луис Пинхейро екен. Полицейлердің сөзінше, жаңа қызметкер таяу арада Эспаланда аталатын қылмыстың ең көп болатын жерінде өз жұмысын бастап кетпек.
Бразилиялық Бэтмен қиын істерге жіберіледі екен, оның ішінде есірткі саудасы және адам өлтіру ісі бойынша қылмыстар.
Сам Пинхейро косплеймен (жапон сөзі – コスプレ косупурэ, қысқ.ағылшын тіліндегі costume play сөзі — «костюм киіп ойнайтын ойын») бірнеше жыл бойы айналысып келеді. Ол осыған дейін шамамен 200 бірдей суперқаһарманның рөлін сомдаған екен. Ол өзінің жаңа қызметі жайлы былай дейді: «Әрине, мен суперқаһарман емеспін. Мен косплеермін. Бірақ менің кейіпкерім зұлымдықпен күресудің керемет үлгісі болады, әсіресе жастарға».
Пинхейроның полициямен қызметтестігі – UAPC бағдарламасының аясында болып отыр. Бұл бағдарлама қоғам мен полицияның бірігуін мақсат етеді. Ұйымдастырушылар Бэтменды өз қалашығының сүйіктісіне айналады және өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі болады деп сенеді. Округ тұрғындары да бұл идеяға қарсы емес көрінеді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: furfurmag.ru
А. Құлтай