"Естімеген елде көп" дегендей, АҚШ-тың Мэриленд штатында өмір сүретін Джокгу есімді тауық пианинода ойнай алады. Иесінің айтуы бойынша, үй құсын электронды аспапқа үйретуге екі аптадан астам уақыт қажет болған. 1910 жылы жарыққа шыққан "America the Beautiful" "әнінің ноталарын шоқыған тауыққа бүгінде қызығушылық танытып жатқандар жетерлік. Сонымен қатар, Шеннон Майер болашақта тауықтардан ансамбль құруды да жоспарлап жүр екен. Көп адамның ойнай алмайтын аспабында өнер көрсеткен Джокгудің жұлдызды видеосына назар аударыңыздар.