Бүлдіршіндердің әрбір қылығы ата-анасына ғана емес, өзге де адамдарға қызықты. Кішкентайдың тәй-тәй басқанына тамсанатын көпшілік, былдырлап сөйлеген кезде жүректері ауыздарынан шығып кете жаздайды. Ал көңілдері кіршіксіз сәбилердің бар есіл-дерті ойыншықтарда ғана болады. Бір қарағанда барлық қуыршақ, көліктерді бөле-жармай ойнайтындай көрінеді. Алайда, жете назар аударсаңыз әрбір сәбидің өзінің сүйікті ойыншығы болады екен. Ол өзінен айнымайтын болуы да ғажап емес. Көп адам байқай бермейтін тамаша фотоларды ұсынамыз.