"Отырған қыз, орнын табады" дегендей, бүгінгі таңда білім қуып, отбасылық жағдайдан өзін алшақ ұстап, жасы келгенде өкініп жататын аруларымыз баршылық. Түрлі жағдайлармен жас кезінде жалғыз жүргенге ынтызар арулар, сүйген жігіттеріне пішту деп, кейіннен өздері "әттең тонның келтесі-ай" деп, тағдырдың бұл әрекетіне лағнетін айтып жататын кездер көп. Сұлумен қатар жүрген жігіттер сүрбойдақ болса да, қолына таңдаған қызын қондырар үлкен бақытқа ие. Сондықтан, бұрынғы дәуірдің жасы келіп тұрмысқа шықпай қалған қыздары "Құдай бізге бір жігіт қарыз" деген екен. Әрине, сөз салып, қалаған жігітіне үйленуге таңдауы жоқ қыздар туралы неше түрлі әзіл әңгімелер мен анекдоттар жетіп артылады. Сондай қызықты көріністі "Шымкент шоу" әртістері сахналаған екен. Жасы келген қайнысына келін іздеген жеңгенің, отырған қыздармен қалай сөйлескені қалың жұртшылықты күлкіге батырды.