Өнер – мәдениеттің, өркениеттің ең асыл құндылығы. Өнердің түрі көп. Әр түрінің өзіне тән ерекшелігі мен мәні бар. Адамның көңілін ән көтерсе, драмалық шығарма құлазытады, поэзия романтикаға жетелесе, проза оқиғаның сюжетімен сізді өзіне баурап әкетеді. Күй күмбірлесе, би билесе...
Өнерді сүю бөлек, оған жан тәнімен берілу бөлек дүние. Өйткені өнерге берілу оны жан тәнімен жақсы көру адамның жан дүниесінің тынышытығы. Айтқымыз келіп отырған дүниеге мысал болығысы келген видеодағы қыз өзінің жұмысына ғана емес, өнеріне берілген азаматша. Тіпті айналасына қарап жасқанып тұрған жоқ. Өйткені оның сезіп тұрғаны ритм мен әуен ғана...