Жас ұлғайған ерлі-зайыпты адамдар өз көліктерімен бүкіл АҚШ-ты аралап, саяхаттап жүріпті. Көлік тізгінінде отырған кемпір трассада жоғары жылдамдықпен көлік жүргізіпті. Оларды МАИ қызметкері тоқтатқан соң: "Ханым, сіз жылдамдықты асырып жібердіңіз, осыны білесіз бе?" - депті.
Қарт әжейдің құлағы онша естімейді екен. Ол қасындағы шалынан: "Не дейді?" - деп сұрапты.
"Ол сені көлік жылдамдығын асырып жібердің дейді" - депті шал айғайлап.
"Жүргізуші куәлігіңізді көрсем бола ма?" - депті МАИ қызметкері.
"Не дейді?" - деп сұрапты кемпірі шалынан.
"Жүргізушілік куәлігіңді көрсет дейді" - депті шал айғайлап.
"Сіздер Арканзас штатынан келе жатыр екенсіздер ғой. Мен де бұрын сол жақта тұрғанмын және өмірімдегі ең көріксіз әйелді сол жақтан жолықтырғанмын" - депті МАИ қызметкері.
Әжей тағы да түсінбей қалып: "Не дейді?" - деп шалынан сұрапты.
Шал: "Ол сені танимын дейді" - депті айғайлап.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: tooopen.com