- Қанағат, інің мен қарындасыңның қайсысын қаттырақ жақсы көресің?
- Қарындасымды. Себебі, ол мектепке апаратын сөмкемді қоқысқа лақтырған болатын.
***
- Апа, мектепте барлығы мені «өтірікші» деп атайды!
- Мейіржан, сен сабаққа барып жүрген жоқсың ғой!
***
Әкесі баласынан:
- Балам мектептегі жағдайың қалай болып жатыр?
Баласы:
- Мен тәртіпсіз, сабағын оқымайтын баланың әкесімен сөйлеспеймін!
***
Ұстаз:
- Балалар, бүгін жіктеу есімдігін өтеміз. Мен тұрмын, сен тұрсың, ол тұр, біз тұрмыз, сендер тұрсыңдар, олар тұр... Өмірбек, қайталап жіберші...
Өмірбек:
- Қысқасы, барлығы тұрып тұр.
***
- Асу, экватордың түбін қазатын болса, қайда тап боламыз?
- Жындыханадан бірақ шығамыз.
***
Махаббаттан көңілі қалған ұстаз:
- Балалар еш уақытта қолдарыңмен ұстап, түсін түстеп көрмеген нәрсені бар деп айтпаңдар. Мысалы, Архат, махаббат сезімі бар ма?
- Жоқ.
Осы кезде артқы партада отырған Қуаныш қол көтерді. Ұстаз:
- Қуаныш сенің алып-қосарың бар ма?
- Дария апай, Архатқа сұрақ қойсам бола ма?
- Жақсы. Қой.
- Архат, сен біздің Дария апайдың миын көріп тұрсың ба?
- Жоқ.
- Яғни, бұл не деген сөз?
***
Мектепке даун ауруының алғашқы белгілерін тану үшін тексеріс келіп, оқушыларға сұрақтар қоюда:
- Қайсар, 2х2 көбейткенде қанша шығады?
- 5 000.
- Дұрыс емес. Алуа, 2х2 көбейтсек, қанша шығады?
- Сейсенбі!
- Қате. Нұрсұлтан, мүмкін бұл сұрақтың жауабын сен білетін шығарсың?
- Төрт!
- Жарайсың! Дұрыс айтасың. Мұны қайдан білдің?
- Оңай. Бес мыңнан сейсенбіні азайттым.
***
Анасы баласынан:
- Әліби, мен сенің күнделігіңді таба алмай жатырмын. Қайда кеткен?
- А, оны Ержан ата-анасын қорқыту үшін алған еді.
***
Данил «Менің әкем» тақырыбында шығарма жазып отыр:
Менің әкем – әлемдегі ең күшті, ең батыл адам. Ол қорықпастан қолтырауынға толы ең үлкен өзенді жүзіп өте алады. Таудың биік шыңына ешбір сақтық белдеулерінсіз шығып, аю аулайды. Бірақ, әдетте ыдыс жуып, апам жоқ кезде балаларға қарайды.
Сурет: liveinternet.ru