"Нысана" театры әжелер жайлы әзілдеді (видео)

"Нысана" театры әжелер жайлы әзілдеді (видео)
Фото: Sxodim.kz

Адамның жасы келген сайын көру мүмкіндігі азайып, құлағының мүкісі пайда болады. Қу таяққа сүйеніп әзер жүрген қарт кісілердің қимылы мен әрекеттері кей кезде күлкілі де болып көрінеді. Әжесіне қалжыңдап тиісетін немерелері мен балалары үйдің үлкенмен ойнап ермек қылады. Барлығына шынайы қарайтын қарт кісілер, өзімен ойнағанын естігенде езулерінен күлкі кетпейді. Осындай бір үйдің қос әжесінің керемет әзілін "Нысана" театры "Ду-думан" сахнасына шығып қойған екен. Құлақтары естуден қалған қос құдағи немістердің жасаған құрылғысымен әңгімелесіп отырып таласып қалады. Алайда, көп сөзді миына кіргізе алмайтын әжейлер "пенсия" десе, қалай естігендерін өздері білмей қалады. 

B. ZHAQSYMBET