Жайдарман ойындарындағы әрбір команда, жеті минутта жаныңды рахаттандырып күлдіре біледі. Өздерінің дайындаған әсем әзілдерін ортаға салып, қоғамдағы көріністерді қысқа да, нұсқа етіп халықтың алдына паш етеді. Жыл сайын жаңа құрамалар жасақталып, жоғарғы лиганың сәнін келтіріп, чемпиондық атаққа лайық болу үшін барын салады. Алғаш рет жоғарғы лига сахнасына көтерілген "Номад" құрамасының жігіттері өздерінің мықты екендіктерін көрсете білді. Қазақ Спорт және Туризм академиясы арландарының тамаша әзілдері мен керемет билеріне куә болыңыздар.