Қазіргі уақытта қазақтың ежелден келе жатқан салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтап қалу жолында талай насихат жұмысының жүріп жатқандығын көріп жүрміз. Ұлтына деген сүйіспеншілігі мол жандар ұлы халықтың ұрпағы ұсақталмасын деген ниетпен әрқашан да жақсы әңгімелер айтып, жақсылықтың жалауын көтеруде. Алайда, батыстың жат дәстүрі де соңғы уақытта ел іргесін тасалап жүргені жасырын емес. Дәл осы кезде Тұрсынбек Қабатовтың "Патриот" атты тамаша монологын назарларыңызға ұсынбақпыз. Намысты қайрар қызықты әзілді тамашалаңыздар.