Күнделікті күйбең тірлікте аңғал жандар абайсыз сөйлеп, аузынан кінәрат тауып жатады. Соны байқап, бағамдап, адамдар өз бейнесін сахнадан көруіне сеп болатын актерлерге қарап риза боласың. Әрине, әр әзілде астарлы шындық жататыны да белгілі. Осы орайда әзіл монолог айтуда Тұрсынбек Қабатов пен оның командасын ерекше атап өткен дұрыс шығар. Назарларыңызға "Әзіл әлемі" бағдарламасындағы жас актер – Мейріжан Алтыбаевтың орындауындағы үйлену жайлы монологты ұсынамыз.