Махаббат және мамандық

Махаббат жайлы әр сала мамандары қалай ойлайды? Ал ғашығыңыз сіз жайлы не ойлайды? Әдемі әзілді диалог. 

Математик:

- Жаным, екеуміз параллель сызықтармыз. Өмір рельсінде мәңгі бірге боламыз.

- Онда мәңгі қосыла алмайды екенбіз ғой.

Химик:

- Сен сутегі болсаң (Н), мен оттегімін (О), екеуміз қосылсақ, судай (H2O) таза махаббат болар еді.

- Мен сол тағы бір сутегіден алаңдаймын.

Әдебиетші:

- Айым, күнім, гүлім, қозым, сүйем сені!

- Бәрін сүйгенде, мені неге сүймейсің?!

Физик:

- Мен – оң заряд, сен – сол заряд. Екеуміз біріксек, махаббатымыз энергияға толы болар еді.

- Сенімен өмір-бақи тебісіп өткім келмейді.

Астроном:

- Сен күнсің, мен Жер шарымын. Сенің айналаңнан ешқашан алыстай алмаймын.

- Сенің айналаңнан алыстай алмайтын анау айды не істеймін?..

Сіздің мамандығыңыз қандай?

 Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com