Астана қаласының бір таксисі әуежайдан америкалықты күтіп алады. Сөйтіп жолда ол әдейі Астана қаласында соғылып жатқан ғимараттар жайлы сөз қозғағысы келеді.
Таксист:
– Мынаны қара! Небары 5 жыл ішінде салыныпты, – дейді.
Оған америкалық:
– Біз мұндайды 3 жылда саламыз, – дейді.
Келесі күні ол жапонға жолығады:
– Ана көріп тұрған сарайды көрдің бе? Біз оны 3 жылда салып бітірдік.
Жапон:
– Біздікілер оны 1 жылға жетер-жетпес уақытта тұрғызып тастар еді, – дейді.
Үшінші күні таксист жолда қытайды отырғызып алады. Қытай:
– Анау биік зәулім ғимарат не? – деп сұраса, таксист:
– Білмедім. Жаңа өтіп бара жатқанымда жоқ болатын, – деген екен.
♦♦♦
– Әке, маған барабан сатып алып берші.
– Даңғырлатып маған жұмыс істетпей қоймақшысың ғой?
– Жоқ, әке, сіз демалып немесе ұйықтап жатқан кезде ғана даңғырлатамын.
♦♦♦
Старшина взводты сапқа тұрғызып:
– Мен бүгін сендермен саясат туралы сабақ өтемін! – дейді.
– Бірінші сұрақ. Арманов!
– Мен!
– Отан дегеніміз не?
Минуттық үнсіздік.
– Білмеймін.
– Ақымақ! Отан дегеніміз сенің анаң! Түсінікті ме?
– Иә!
– Сен не түсіндің?
– Отан – менің анам!
– Жарайсың!
– Болатов!
– Мен!
– Отан дегеніміз не?
– Отан дегеніміз Армановтың анасы!
– Ақымақ! Отан сенің анаң! Түсінікті ме?
– Иә.
– Сен не түсіндің?
– Біз Арманов екеуміз ағайындымыз!
Оқи отырыңыз:
Қызықты әзіл-қалжыңдар
Қызықты әзіл-қалжыңдар топтамасы
Мүлкің жоғалса да, күлкің жоғалмасын
Қызықты әзіл-қалжыңдар топтамасы
Сурет: www.badfon