Қызықты әзіл-қалжыңдар

Қызықты әзіл-қалжыңдар

Астана қаласының бір таксисі әуежайдан америкалықты күтіп алады. Сөйтіп жолда ол әдейі Астана қаласында соғылып жатқан ғимараттар жайлы сөз қозғағысы келеді.

Таксист:
– Мынаны қара! Небары 5 жыл ішінде салыныпты, – дейді.
Оған америкалық:
– Біз мұндайды 3 жылда саламыз, – дейді.
Келесі күні ол жапонға жолығады:
– Ана көріп тұрған сарайды көрдің бе? Біз оны 3 жылда салып бітірдік.
Жапон:
– Біздікілер оны 1 жылға жетер-жетпес уақытта тұрғызып тастар еді, – дейді.
Үшінші күні таксист жолда қытайды отырғызып алады. Қытай:
– Анау биік зәулім ғимарат не? – деп сұраса, таксист:
– Білмедім. Жаңа өтіп бара жатқанымда жоқ болатын, – деген екен.  

♦♦♦

– Әкемаған барабан сатып алып берші. 
– Даңғырлатып маған жұмыс істетпей қоймақшысың ғой?
– Жоқ, әкесіз демалып немесе ұйықтап жатқан кезде ғана даңғырлатамын. 

♦♦♦

Старшина взводты сапқа тұрғызып:

– Мен бүгін сендермен саясат туралы сабақ өтемін! – дейді.
– Бірінші сұрақ. Арманов!
– Мен!
– Отан дегеніміз не?

Минуттық үнсіздік.

– Білмеймін.
– Ақымақ! Отан дегеніміз сенің анаң! Түсінікті ме?
– Иә!
– Сен не түсіндің?
– Отан – менің анам!
– Жарайсың!
– Болатов!
– Мен!
– Отан дегеніміз не?
– Отан дегеніміз Армановтың анасы!
– Ақымақ! Отан сенің анаң! Түсінікті ме?
– Иә.
– Сен не түсіндің?
– Біз Арманов екеуміз ағайындымыз!

Оқи отырыңыз: 

Қызықты әзіл-қалжыңдар

Қызықты әзіл-қалжыңдар топтамасы 

Мүлкің жоғалса да, күлкің жоғалмасын

Қызықты әзіл-қалжыңдар топтамасы 

Сурет: www.badfon

Н. Нұрмаханұлы