- Негізгі бет
- Езутартар
- Қыз бен жігіт...
Қыз бен жігіт туралы қалжыңдар
Көшеде екі қыз келе жатыр. Кенет оған бір жігіт жүгіріп келеді де:
-Қыздар, сәлем! Танысып қоялық та,-дейді.
-Біз бұндай ұсқынсыздармен таныспаймыз!
-Түсінікті, түсінікті... Айтыңыздаршы қыздар, мүмкін, ірімшік жегілерің кеп тұрған шығар?
-Жоқ, жегіміз келмейді.
-Бәрібір, жегілерің кеп тұр ғой?
-Айттық қой, жегіміз кеп тұрған жоқ!
-Жартысын болса да жемейсіңдер ме?
-Жоқ,жоқ, жемейміз!
-Қызық екен... Мынандай егеуқұйрықтар ірімшік жегілері келмейді...
***
Қыз: Сәлем, қалайсың?
Жігіт: Сен мені осындай сұрақтарыңмен әбден мезі еттің!
Қыз: Қандай сұрақтармен?
Жігіт: Сәлем, қалайсың?
Қыз: Жайлап, жақсымын.
***
-Сен мені сүйесің бе?-деп сұрайды қыз қылымсып.
-Әрине,-дейді ол.
-Ал сен маған үйленесің бе?
-Не әдет осы үнемі әңгіменің тақырыбынан ауытқи бересің?!
***
-Бірінші кездесуде қыздың қай жеріне қарайсың?
-Алғашқы жарты сағат бойына сағатқа қараймын.
-Ал,қыз келген соң ше?
-Білесің бе,кейде сағаттан мүлде көз алмауға тура келетін жағдай болады.
***
Бiр қыз агент арқылы суретшi жiгiтпен сөйлесiп отыр:
— Ой, мына жiбергенiңiз қандай қызық смайлик. Ешқашан бұндай смайлик көрмеп едiм.
— Кешiрiңiз, қарындас, бұл менiң суретім ғой.
***
-Сен мені сүйесің бе?
-Иә, сүйем.
-Қалай сүйесің?
-Сен мені қалай сүйсең, мен де сені солай сүйем.
-Не дейді? Сенен дәл сондай салқындықты күтпеп едім!
***
-Жаным, кешірші, біз бірге бола алмайды екенбіз.
-Сен де солай ойлайсың ба?
М. Оңғарова