Күніңді күлкімен қарсы ал!

Нағашы мен жиені жиеннің үйіне тоңазытқыш алып келе жатыр. Жиені 15-ші қабатта тұрады. Нағашысы тоңазытқыштың  моторы орналасқан ауыр жағын көтеріп келе жатса керек. Нағашысы шаршап кетіп:

- Жиен демалып алайық. Айтпақшы қай қабатқа келдік?
- Нағашы екі жаңалығым бар. Бірі жақсы, бірі жаман. Қайсысынан бастайын?
- Жиенжан, жақсысынан баста.
- Жақсысы 13 қабатқа келдік.
- Жаманы ше?
- Нағашы, біз басқа подъезге кіріп кетіппіз!

                                                 

Бір күні арыстанды әскерге шақырыпты. Сәйкесінше комиссариатта оның барлық жалын қырып тастайды. Әскерге жаңа шақырылған жауынгерлер сапта тұрған уақытта сержант қасқыр келіп:

- Мысық саптан шық! – дейді. Ешкім шықпайды. Қасқыр:
- Мысық саптан шық! – Тағы ешкім шықпайды. Қасқыр арыстанның қасына келіп:
- Қатардағы жауынгер мысық, саптан шық! – деп бұйырады. Арыстан:
- Сержант мырза, мен мысық емес арыстанмын, сенбесеңіз тышқаннан сұраңыз.
- Тышқан, айтшы мен арыстанмын ғой! Тышқан:
- Сенің арыстан-арыстан еместігіңді білмедім, ал мен өзім кірпімін.

                                                 

Түн ортасында біреудің үйінде карта ойналып жатыр. Таң атқанша шыдамы таусылған соң үйдің әйелі:

- Біздің үйде карта ойнағанды қашан қоясыңдар? –депті. Сонда күйеуі:
- Әй, Қатираш, айқайлама, енді бұл біздің үй емес, - деген екен.

                                                 

Бастық  болып жүрген күйеуіне әйелі:

- Жетер енді, шопырыңды бүгіннен бастап жұмыстан босат! – деп талап етеді.
- Е, не боп қалды?
- Бүгіннің өзінде ол мені үш рет өлтіре жаздады.
- Жоқ, жаным, ол тамаша жігіт, оған тағы да бір мүмкіндік берейік.

                                                 

Екі адам жегіш кездеседі:

- Хал қалай?
- Студентті ұстап алып едім, үңгірге апара жатырмын.
- Мен де біреуін ұстап, қазанға салып қойсам, қазан қайнағанша картобын теріп жеп қойыпты!

Оқи отырыңыз:

Ойын-күлкі дәрумен

Көңілді көтеретін сәт келді!

Күлкінің қызығына батқыңыз келсе

Өмірдің шынайы әрі күлкілі заңдары

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: rus.newsru.ua