Студенттік шақ – адам өмірінің ұмытылмас бір дәурені. Ұмытылмас дәуреннің қызығы да таусылған емес. Назарларыңызға қызықты әзіл-қалжыңдарымызды ұсынамыз!
Бір студент қыз жатақханаға келсе, құрбысы жылап отыр екен.
- Не болды, неге жылап отырсың? – дейді ол құрбысына.
- Мен ата-анама ұялы телефон үшін ақша керек деп айтып жіберіп едім...
- Ия, енді олар саған ақша берген жоқ па?
- Жоқ, олар маған телефон салып жіберіпті...
Дәрісханада бақылау жұмысы өтіп жатады. Кезекті бір студент жұмысын тапсырғалы тұрғанда әбіржіген түрін көрген профессор:
- Сіз неге соншама әбіржіп тұрсыз? Менің сұрақтарымнан қорқасыз ба?-деп сұрайды.
Студент:
- Жоқ, мен өзімнің жауаптарымнан қорқып тұрмын.
Студенттердің қоштасу кеші. Барлығы жиылып, халыққа танымал эдвайзерін ортаға алып:
- Сіз қаласаңыз, барлығымыз жиылып сізге автокөлік алып берейік. Сізге ұнай ма?
- Жоқ, студенттер, маған автокөліктің қажеті жоқ!
- Онда қаласаңыз, барлығымыз жиылып, сізге үй сатып алып берейік!
- Жоқ, керек емес!
- Біз шын жүрегімізден айтып жатырмыз, ал сіз арманы жоқ қандай адамсыз?!-дейді студенттер.
- Армансыз адам – қанатсыз құспен тең, менің бір ғана арманым бар: ешқашан ешкімге менің оқытқанымды айтпаңдаршы, - депті оқытушысы.
Сабақ беретін апайымен студент сөзге келіп қалады. Бір күні алдынан шыққан оқытушысына студент:
-Сәлеметсіз бе, апай! – дейді сөйлесуге емеурін танытып.
-Мен ақымақтармен сәлемдеспеймін!
- Ал мен сәлемдесіп тұрмын ғой...
Емтихан өтіп жатады. Қырағы кезекші тәртіп бұзғандарды (шпора пайдаланғандарды) кезегімен шығара береді. Аздан соң декан кіріп:
-Тәртіп бұзғандарды шығарып болдың ба? – дейді.
-Жоқ, енді кәсіпқойлары ғана қалды, – деген екен.
Түн. Жатақхана дәлізінде іші ауырған студент бүрісіп жатыр. Кезекші апай жедел жәрдем шақырумен қарбаласып жүр. Ауырып жатқан студенттің қасынан өтіп бара жатқан екі студент бір-біріне:
-Естідің бе?
-Нені?
-Анау студент: "Кешеден қалған макаронды жемеймін",- деп жатыр.
Студенттің ұялы телефонына ата-анасынан sms келеді.
-Ұлым, емтихандарыңды қалай тапсырдың? Жауабын жазып жібер.
Студент ойланбастан:
-Өте жақсы тапсырдым. Риза болған оқытушы жазда тағы тапсыруымды өтінді, - деп жауап жазып жіберіпті.
Күлсең, студентке күл
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: motto.net.ua