Күлкінің қызығына батқыңыз келсе

Шал өлейін деп жатады. Әйеліне:
- Қапталған сандықты ұлыма бер, - дейді.
- Қызыңа бергенің дұрыс.
- Менің ұлыма бергім келеді.
- Қызыңа бер.
- Әй, өлейін деп жатқан мен бе, жоқ сен бе?

                                                                                

Ауылдан бір бойжеткен қаладағы ең тәуір деген қонақ үйге келіпті.
- Апыр-ай, сіздер қандай адамсыздар?! – дейді ол күтуші әйелге, - Мені астаналық емес, ауылдан келген көп аңқаудың бірі деп қабылдап, осындай тап-тар, қара көлеңке бөлме бергендеріңді қалай түсінсем екен?!
- Сабыр, сабыр, бикеш! – дейді күтуші әйел. – Бұл бөлме емес, лифті ғой!

                                           

Күйеуі:
- Үнемі "ақша, ақша" деп сұрай бересің. Неге өзіңе керекті нәрсе - ақылды сұрамайсың?!
Әйелі:
- Мен сенен бар нәрсені сұрап тұрмын!

 

                                           

Әйелі кешігіп келген күйеуінің үстінен ұзын қара шаш тауып алып: «Бәсе, түнделетіп қайда жүр десем!..» деп әлекті салыпты.

Келесі бір кешігуде түрлі-түсті шашты қолға түсіріп: «Боянатын, сыланатындармен қыдыратын болғансың ба!..» деп сойқанды салады.

Келесіде шұқшиып іздеп, ақыры бір тал ақ шаш тауып: «Енді, кемпірлерге баратын болғансың ба!..» деп боздапты.

Келесіде қанша шұқшиып іздесе де, қолына шаш тұрмақ қылтанақ ілінбейді. Шаршап-шалдығып, ақыры амалдың жоқтығынан: «Енді, таз әйелдермен жүруді шығарыпсың, оңбаған!..» деп ойранды салған екен.

                                           

Бір азамат станцияда сыртқа шығып қайта мінерінде байқамай қарсы кетіп бара жатқан пойызға мініп алады да, өз вагонына, өз орнына кеп отырып жоғарыда жатқан азаматтан:
- Қайда бара жатырсың? – деп сұрайды.
- Қарағандыға...
Бұл сәл ойланып: «Опыр-ай-ә, қазіргі техниканың дамып жетілгенін қойсаңшы, бір мезет, бір вагонда жоғарыдағы – Қарағандыға, ал мен Алматыға кетіп барамын...» – деп таңданған көрінеді.

 

Оқи отырыңыз:

Ойын-күлкі дәрумен

Көңілді көтеретін сәт келді!

Өмірдің шынайы әрі күлкілі заңдары

Көңіл-күйің жоқ па? Мына жануарлар күлкіңді қайтаратыны сөзсіз!

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет:www.artofcare.ru