Әзіл оқи отырыңыз.
Күйеуі жұмыстан кешігіп жатқан соң, әйелі ашуланып, көршісіне:
- Мүмкін ол көңілдесіне барып жүрген шығар, - десе, көршісі жұбатып:
- Неге осы жаман ойлай бересің? Мүмкін ол көліктің астына түсіп өліп қалған шығар? - деген екен.
***
Мұғалім сабағын жүре сөйлеп, бір оқушының қасына келіпті де, кілт тоқтап: «Мен қай жерге келдім?» деп сұрапты. Сасқалақтаған оқушы: «Менің қасыма келдіңіз» деген екен.
***
- Итіңіз балтырымды тістеп алды, маған төлем төлеңіз?
- Итімді байлап қойдым. Қалаған жерінен тістеп ал.
***
Әйелі түрмедегі күйеуін көргелі келіпті:
- Жағдайың қалай?
- Ешқайда бара алмайсың. Тамағы да оңып тұрған жоқ. Бәрі үйдегідей, - деген екен күйеуі.
***
Екі орындықты шағын ұшақ апатқа жолығып, қабырстанға құлапты. Содан тілшілер хабар беріп жатыр дейді. «Қазірге дейін 150 адамның мүрдесі табылды. Іздеу қимылы әлі де жалғасуда».
***
- Араларыңда музыка әуескерлері бар ма? - деп сұрапты командир. Қатарынан алты әскер алдыға шығыпты.
- Ана тұрған күй сандықты алтыншы қабатқа көтеріп шығыңдар!
***
Ауруханада дәрігер науқасқа:
- Сізге бір жаман, бір жақсы жаңалығым бар. Қайсысынан бастайын?
- Жаманынан бастай беріңіз.
- Біз сіздің басқа аяғыңызды кесіп тастаппыз...
- Ал жақcысы ше?
- Ауру аяғыңызды емдеуге болады екен.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com