Жұмыстан қажығанда, шаршағанда көңілге медеу болар анекдоттар. Күле отырыңыз.
***
Баяғыда Қожанасырды өлім жазасына үкім етіп, дарға асатын болыпты. Жаза орындалар кезде патша:
- Ең соңғы бір ғана тілегіңді орындайын. Көзіңнің тірісінде айтып қал, - десе, Қожанасыр:
- Тілегім сол – дарға белімнен асыңдаршы, - деген екен.
***
Бір патша қаптаған крокодил бар көлді нұсқап: «Мына көлден кім арғы жағаға жүзіп өтсе, қызымды беремін!» деп жар салыпты. Сәлден соң-ақ көлшікке бір ержүрек азамат секіріп кетіпті. Жұрттың бәрі оның ерлігіне тәнті болып, енді аман шығуын күтіп тұрыпты. Әйтеуір өлдім дегенде судан қашып шығып келе жатқан жігіт «Қайсысың мен итеріп жіберген?!» деп боқтап келе жатыр дейді.
***
Бір жігіттің келіншегі төркіншілдеу көрінеді. Әйтеуір үйде арық-ауыс зат болса, төркініне тасып тоқтатпайды екен. Тіпті, күйеуінің киімдерін де аға-бауырларына беріп жіберетін болса керек. Әлгі жігіт көйлегін іздеп таба алмай қалса, «Жуа-жуа кішірейген соң, ініме беріп жібердім» деп сылтауратады екен. Бір күні жігіт шалбарын іздеп таппай жүрсе, келіншегі «Жуа-жуа тозған соң ағама беріп жібердім» депті. Әбден зығырданы қайнаған жігіт: «Ей, осы сен мені де жуа-жуа кішірейтіп, сіңліңе неге бере салмайсың?!» деген екен.
***
Бір бойжеткеннің үйіне баратын жол зираттың жанынан өтеді екен. Сабақтан әбден кеш қайтан бойжеткен іңір қараңғысында қалың моланың жанынан қорқып келе жатса, бір жас жігіт шыға келіпті де: «Қарындас, қорқып келе жатырсың ба? Жолымыз бір екен, бірге жүрейік» депті. Қуанып кеткен қызды жігіт жол-жөнекей әдемі әзіл қалжыңдар айтып, күлдіріп келе жатыпты. Үйдің алдына келгенде бойжеткен:
- Сізге рақмет, мен үйге келдім. Әзіл-қалжыңды жақсы айтады екенсіз, - десе жігіт:
- Мен тірі кезімде бұдан жақсы айтатынмын, - деген екен.
***
Қожанасыр түн жарымында бастығына телефон шалып тұр дейді:
- Есегім өліп қалды, басеке, - депті жыламсырап.
- Ей, есің дұрыс па? Бір есектің өліміне бола түн ішінде мені мазалап! – десе, Қожекең:
- Сол туыс-туғандарына хабар беріп жатыр ем, - деген екен.
***
Әлемдегі ұлттардың суыққа төзімділігі жайлы сынақ жүргізіліп, үш-ақ ұлт талданыпты. Бірі Ресейдің солтүстігіндегі орыс текті тау халықтары екен. Екіншісі мұзды далада өмір сүретін эскимостар екен, үшіншісі сәл қызып алса болды жаурағанын ұмытып кететін қазақтар екен. Енді үшеуара бәсеке басталып, үлкен тоңазытқышқа кіргізіпті де, темератураны барынша түсіріпті. Бірінші болып кірген орыс он минуттан соң қалтырап қайтып шығыпты. Екінші кірген эскимос жарты сағат қана шыдапты. Үшінші боп кірген қазақ сол күйі жоқ дейді. Бір сағат күтеді, екі сағат күтеді, шықпайды. Бес сағаттан соң тоңазытқыштың есігін ашып қараса, мұз боп қатып қалған етті турап, ақтан тартыңқырап отырған қазекең «Аңыратпай жап есікті!» деп айқай салған екен.
***
Қайын жұртынан әбден қорлық көріп жүрген жігіт достарымен бірге отырып, дүниеде кім ең бақытты деген сұрақ жөнінде әңгімелесіпті. Сәлден соң әлгі жігіт:
- Дүниедегі ең бақытты тауықтардың ішіндегі қоразы екен, - депті.
- Қалайша қораз бақытты болады? – десе:
- 40-50 мекиені болса да, бірде-бір қайын апасы жоқ! Сол бақытты емей кім бақытты?! – деп ашуланған екен.
***
Күйеуі үйіне тым кеш қайтса болды әйелі:
- Үйге әр күні осылай кешігіп келесің! – деп ренжиді екен. Бұған ашуланған күйеуі:
- Мен деген еркін құспын. Қашан қайтқым келсе, сол кезде үйге келемін, - депті.
Содан бастап әйелі де үйге тым кеше оралатын болыпты. Бұған ыза болған күйеуі бір күні әйеліне телефон шалып «Қашан қайтып келесің?!» деп ашуланса, әйелі:
- Мен деген еркіндігінен айрылған құспын. Кім қашан қоя берсе, сол кезде қайтамын, - деп жауап берген екен.
***
- Сиырларыңнан күніне қанша литр сүт шығады?
- Он литр.
- Барлығын сатасыңдар ма?
- Жоқ, 5 литрін өзіміз ішіп, 5 литрін сатамыз.
***
Кезекші дәрігер төсегіне енді шығып жата бергенде, біреу есік қағыпты.
- Кім? – деп айқайлапты дәрігер.
- Тез есікті ашыңыз, мені ит қауып алды.
- Сен түнде менің науқас көрмейтінімді білмейсің бе?!
- Білем ғой. Бірақ, ит білмейді екен.
***
Тұрмысқа шыққанына көп бола қоймаған жас келіншек күйеуінің үй жұмысына қарайласпай, күнде карта ойнап кеткеніне ренжіп, төркініне қайтып келіпті. Келсе, шешесі жоқ, әкесі бір топ адаммен шахмат ойнап отыр екен.
- Шешем қайда?
- Шешең нағашы апаңның үйіне кеткен, - деп жауап беріпті әкесін басын көтерместен.
***
Бір жігіт досына мақтанып:
- Менің әйелім үш тілде таза сөйлей алады, - десе, сонда таң қалған досы:
- Қалай шыдап жүрсің, мен бір-ақ тілде сөйлейтін әйелімнің сөзіне шыдай алмай жүрсем, - деген екен.
***
Отағасы болар-болмас тұмау тиіп, ауырып жатып әйеліне:
- Айналайыным, алда-жалда о дүниелік болып кетсем, сен көзіңе жас алып боздап қаласың ғой, - десе, әйелі:
- Иә, өзің де білесің ғой, менің болар-болмас іске жылай салатынымды, - деген екен.
***
1 жастан 11 жасқа дейінгі 11 баласы бар әйел сотшыға келіп арызданыпты:
- Күйеуім мені тастап кетті, мен онымен ажырасамын.
- Ол сені қашан тастап кетті?
- Он бір жылдың алдында.
- Күйеуің сені он бір жылдың алдында тастап кеткен болса, мына балалар кімдікі?
- Ол анда-санда келіп кешірім сұрап тұрды.
***
Бірде неміс, орыс, қазақ үшеуі телефонды қай халықтың ойлап тапқаны жөнінде дауласыпты. Алдымен неміс жерді қазып жіберіп, 3 метрден соң телефон сымын тауып алып, өз елінің 18 ғасырда телефонмен сөйлескенін айтыпты. Сосын орыс жерді қазып жіберіп, 5 метрден соң телефон сымын тауып алып, алғаш 16 ғасырда сөйлескен екенбіз деген тұжырымға келіпті. Ал қазекең 10 метр қазып жіберіп, жерді нұсқап «Біз шамамен 3 ғасырда ұялы телефонмен сөйлескенбіз» деген екен.
***
Үш жасқа келген бір сәби адасып қалып, көшеде келе жатқан милицияға үйін тауып беруді айтыпты. Милиция одан ары-бері сұрап нақты адресін біле алмаған соң, бірер дерек шығып қалар деп баланың жанқалтасын ақтара бастапты. Сонда бала «Қорықпаңыз, менде қару жоқ» деген екен.
***
Біреуді машина соғып, есінен танып қалыпты. Дәрігерлер тексеріп көріп, өлдіге шығарыпты. Мұны естіп, есін жиған әлгі жігіт:
- Мен өлген жоқпын! Мен тірімін! - деп айқай салса әйелі:
- Өшір үніңді! Сен дәрігер емессің, - деген екен.
***
Жігіт қызды сүймек болып жақындай бергенде, бойжеткен:
- Асықпа, тұрмысқа шықпай тұрып бұлай істесем болмайды, - десе, жігіт:
- Онда телефон номерімді жазып ал, тұрмысқа шыққан соң хабарласасың, - деген екен.
***
Жұмыстан шаршап келген күйеуі әйеліне:
- Мен бүгін жақсылап дем алайын, телефон келсе, жоқ дерсің, - деп тапсырыпты. Көп өтпей үйдің телефоны шырылдай жөнеліпті. Тұтқаны алған әйелі:
- Үйде күйеуім бар, - деп сырбырласа, мұны естіп жатқан күйеуі айқайға басыпты. Сонда әйелі:
- Ренжімеші, сүйіктім, саған келген телефон емес, - деген екен.
***
Циркте бір сұлу қыз арыстанмен бірге өнер көрсетіп жатқан ғой. Арыстан біресе қызды құшақтап, біресе қыздың иығына басын қойып, бірге билепті. Жұрттың бәрі ду қол шапалақ соғып жатса, көрермендер ішінен бір жігіт айқай салып:
- Мұның несі өнер, мұны кім істей алмайды. Бәріміздің қолымыздан келеді, - депті. Сонда үйірме бастығы:
- Олай болса, өзің шығып сынап көр.
- Жарайды! Бірақ алдымен ана арыстанды шығарып жіберіңдер, - деген екен.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com