Күлдіре білу – өнер, күлкіге қалу – өлім

"Әр әзілдің түбінде бір шындық бар" демекші, күліп тұрып-ақ арғы ойын жеткізе білетіндер бар. Күлдіремін деп күлкіге қалатындар да бар. Бір сөзбен айтқанда, "күлдіре білу – өнер, күлкіге қалу – өлім". Назарларыңызға қызықты әзілдер топтамасын ұсынамыз. 

Бокс үйірмесіндегі алғашқы жаттығудан кейін жаттықтырушы жас баладан сұрайды:

– Сұрағың бар ма?

– Иә. Бұл жерде сырттай оқу бөлімі бар ма?

***

Әйелдер тазалықты сүйеді. Әсіресе, күйеуінің қалтасын тазалап қойғанды...

***

Автобустағы қыз өзінің аяғын басып кеткен жігітке бар пәрменімен айқайлады:

– Хайуан!

– Танысқаныма қуаныштымын!

***

Бастық: Аузыңдағы темекіні таста!

Қызметкер: Басеке, бұл темекі емес, қарындаш.

Бастық: Мейлі, не болса да! Жұмыс уақытында темекі де, қарындаш та шегуге болмайды.

***

МАИ қызметкері жоғары жылдамдықпен келе жатқан жүргізушіні тоқтатып:

– Бұл жерде 40-тан асуға болмайды. Сіз 80-мен кетіп барасыз ғой. Қайда асығып барасыз?

– Сізге мына ақшаны әкеле жатыр едім.

***

Мен саған неше сағаттық баяндама дайында деп тапсырма беріп едім? - деп ашуланыпты аудан әкімі көмекшісіне.

– Бір сағаттық.

– Ал мен оны үш сағат оқыдым ғой, ә?

– Енді былай... не етіп... үш сағат оқыдыңыз, иә...

– Айта бер, жасқанба!

– Байқамай... сізге үш данасы кетіп қалыпты.

***

Бір байдың әйелі күтуші қызды жұмыстан шығарып жібереді. Әлгі қыз есіктен шығып бара жатып, босағада жатқан екі итке тиын-тебен тастайды. Сонда әлгі байдың әйелі:

– Мұныңмен не айтпақсың? –деп сұрайды.

– Бұлар мен жуып үлгермеген ыдыс-аяқты жалап, маған үнемі көмектесіп тұратын, - деген екен.