Мысығыңызды кір жуға арналған машинада жуып көрдіңіз бе? Жумаған болсаңыз, осы әрекетті жасап көрген адаммен таныс болыңыздар. Дүниеге келгеніне 7 апта болған Поппет есімді мысық бір сағат бойы кір жууға арналған машинада жуылған. Және 50 градус ыстықта.
27 жастағы Лора Джилхолм киімдерді реттеп жатқан кезде мысық кір жуғыш машинаға кіріп алған. Мұны көрмеген Лора қақпағын жауып, машинаны іске қосады. «Мен киімдердің жартысын салып болғанымда Поппет кіріп, киімдердің астында жасырынып қалған екен. Артынша оны байқамағандықтан қалған киімдерді салдым да іске қостым. Мән-жайды 1 сағаттан соң машинаның есігін ашқан соң бірақ түсіндім. Поппет ішінде қозғалыссыз жатты. Өзім де талымсырадым. Есімді жиып көршімді көмекке шақырдым. Оған тіпті жасанды дем бердік. Көмектеспеген соң мал дәрігеріне бардық. Ол демалмай жатқандықтан, өлді екен деп ойладым», - дейді жас әйел.
Мал дәрігері Джон Ганн оны өмірге қайтарды. Мысық аман қалып, Лора, 6 жасар қызы үшеуі үйге оралды. Алайда бұл мысыққа сабақ болған жоқ. Бұрынғы әдетіне басып, үйге кіре салысымен киім кептіргішке секіріп түсті.
Ветеринар Джон Ганн оны құтқарғанына өзінің де сенбейтіндігін айтты. Алайда кір жуғыш машинадағы саяхаты үшін тоғыз өмірінің бірін жұмсағаны анық.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: plenet.ru