– Анашым, әрбір баланың әкесі болуы керек деген рас па?
– Иә, балам.
– Онда неге біздің жанұяда үш бала болса да бір әке ғана.
Бiр бала әкесіне келіп, күле береді. Әкесі одан мән-жайды сұрайды.
- Балам саған не болған.
- Мен жаңа ғана бiр таксисті алдап кеттiм.
- Қалай?
- Оған ақшасын беріп, өзім мінбей қашып кеттім, – деген екен.
- Жаным, мен айфон алғым келіп жүр.
- Күнім, менің алып бергенімді қалайсың ба?
- Шын ба, иә, әрине.
- Онда қазір қолым бос емес, 30 ақпан күні алып берейін, ок?
- Уау, рақмет, сені қатты жақсы көремін ғой.
Орыс, қазақ, өзбек, еврей тікұшақпен ұшып келе жатады. Сөйтіп тікұшақтан бір ақау табылып, пилот құлағалы жатқандығы туралы жолаушыларына ескертеді. Сонда өзбек:
- Менің жанұям бар маған өлуге болмайды, - дейді де үш парашюттің біреуін алып, секіріп кетеді.
Еврейдің миы қатты істесе керек ол:
- Осының бәрін ойлап тапқан мен ғой, - деп тағы біреуін алады. Соңғы орыс:
- Мынаны сен ала ғой, – деп қазаққа сөйлейді. Қазақ:
- Сен ше? - десе,
Орыс:
- Менде бар, жаңа еврейге құр сөмке ұстатып жібердім. Оның миы қатты істейді ғой, жолда бірдеңе ойлап табар, - депті.
Хайуанаттар бағынан піл қашып кетіп, барлық жаққа хабарландыру таратылады. Қаладағы бүкіл полиция сақшылары іздеуге шығады. Бір қоян сақшының біріне ұсталып қалып, оны бастыққа әкеледі.
- Бастарың істейді ме? Бұл піл емес қой! – десе, қоян:
- Пілмін, пілмін мойындаймын, тек ұра көрмендерші, – деген екен.
Оқи отырыңыз:
Көңілдің кілті – күлкіде
Жүзіңнен күлкі кетпесін!
Өмірде болған қызықты оқиғалар
Қызықты әзіл-қалжыңдар топтамасы
Сурет: brucerosenstein.com