Қыз жігіттен:
-Менің туған күніме қандай сыйлық жасайсың?
-Үлпілдеген бетіңнен сүйемін.
-Егер мен рұқсат бермесем ше?
-Олай болса жүре бер сыйлықсыз.
Сабақ өтіп жатыр. Мұғалім үй жұмысын тексеріп жатқан кез:
-Асан, сен неге үй жұмысын орындамадың?
-Аяғымды шығарып алдым.
-Отыр, екі. Үсен, сен неге үй жұмысын орындаған жоқсың?
-Әжем ауырып қалды.
-Отыр, екі. Ал, Арман, сен ше? Үй жұмысын неге орындамадың?
-Зонадан ағам келді.
-Мені ағаңмен қорқытпай-ақ қой, отыр үш.
-Апа, сіз ауырып жатқасын мына тауықты сорпа қылып ішсін деп әкелдім.
-Балам, оны қайдан алдың, бізде тауық жоқ еді ғой?
-Оны ауыл шетіндегі Майлыбайдың қорасынан алдым.
-Майлыбай тауығын алғаныңды біле ме?
-Неге білмесін, мені бірталай жерге дейін қуып, жете алмағасын, өкпесі тарылып, қалып қойды емес пе?!
Ерлі-зайыптылар теңіз жағасында күнге қыздырынып жатыр. Әйелі:
-Қымбаттым, шыныңды айтшы, саған менің фигурам ұнай ма, жоқ әлде денем бе?
Күйеуі:
-Сенің әзілің ұнайды маған!
Оқи отырыңыз:
Қабырғада да құлақ бар
Жүзіңнен күлкі кетпесін!
Өмірде болған қызықты оқиғалар
Жылқылар арасында жарыс ұйымдастырылды
Дайындаған: Жұлдыз Телемісова
Сурет: www.liveinternet