Көңіл қалауы – күлкі

Көңіл қалауы – күлкі

Екі бөлмелі үйде бір мысық тышқандардың мазасын ала береді. Ондай мазаққа шыдай алмаған тышқандар жиналыс жасауды ұйғарады. Сонда тышқанның біреуі мысықтың мойнына шылдырмақ тағып қойса, оның келе жатқанын алдын ала біліп қоятындарын айтады. Бұл ұсынысқа барлығы бірауыздан келіседі. Сонда арасындағы ең үлкені:
- Ал енді қайсысың мысықтың мойнына шылдырмақ тағасыңдар? – деген екен.
                                                                            ***
Бір ұры автобуста егде жастағы адамның қалтасына түсіп жатып, ұсталып қалады:
- Еу... Көргенсіз, сұмдық қой мынауың! Менің қалтамда нең бар? Бейшара ұры...
- Өзің бейшара, осымен үшінші қалтаңды ақтарып жатырмын, көк тиының жоқ, - деген екен.
                                                                           ***
- Достым, екі құлағыңа не болған? Әбіржіп кетіпті ғой.
- Ой... киім үтіктегем, сосын телефон шырылдап қалып...
- Иә, содан?
- Одан кейін не болсын? Телефонның орнына үтікке «Алло» дедім.
- Ааа... бәсе. Ал екінші құлағыңа не болды?
- Жедел жәрдем шақырайын дегем.
                                                                            ***
Қызы жігітінен сұрап жатыр:
- Осы Роналдо қай командада ойнайды?
- "Реал Мадрид".
- Қой. Қайдағы, әлгінде ғана Португалия құрамында ойнап жүреді ғой?

                                                                            ***
Нөмірі 44-ші мектепте алгебра сабағы болып жатады. Мұғалім тақтаға X + Y=∞; формуласын жазады. Кенеттен мұғалім сабақта шулап отырған бір оқушыны тұрғызып тұрып, теңдеуді математика тілімен оқып беруін талап етеді. Сонда ойында ешнәрсесі жоқ бала:" - Икс пен игрик қосылып, сегізді ұрады. Содан сегіз шошынғаннан құлап қалған",- деп жауап берген екен.
 
Оқи отырыңыз: 

Көңілдің кілті – күлкіде

Өмірде болған қызықты оқиғалар

Қызықты әзіл-қалжыңдар топтамасы

Мүлкің жоғалса да, күлкің жоғалмасын

Сурет: www.pinterest.com 
 

Н. Нұрмаханұлы