Көп жағдайда қазақтар әртүрлі салада бағын сынап көргісі келеді. Алайда, "бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" дегендей, ісіне олақ қарап, тындырымды жұмыс жасамайтын жандардың кесірінен жұрт бүкіл халықтың кәсібіне үреймен қарайтын болған. Мысалы қазақ теледидар жөндесе оған сенбей, көрші өзге ұлт өкілінің шеберханасына қарай тартамыз. Осы бір қазақтың өзінен келер қауіптің алдын алу мақсатында Тұрсынбек Қабатовтың әзіл-шыны аралас монологын тамашалаңыздар.