Кейде көшеде қол жайып отырған қайыршыларды көріп, жүректе аяныш сезімі оянып, жаныңыз ашитыны һақ. Бірақ кейбір он екі мүшесі сау жандар да осындай әдіспен ақша тауып жүргенін естігенде ешкімді аяғыңыз келмейтіні тағы бар. Адам ақша табу үшін, әр түрлі айлаға барудан тартынбайды. Бірі маңдай терін төгіп қолынан қуат кеткенше еңбектеніп жүрсе, енді бірі алаяқтық жолмен ақша табуға кіріседі. Бүгінгі бейнежазбада дәл осы сюжетті көрсетпекпіз. Шолақ аяқты нақышына келтіріп өзін қайыршы бейнесінде көрсеткісі келген жанның кесіртке салынған табаны көргеннен кейін не күйге түскеніне куә болыңыздар.