Жастайынан Жайдарман ойындарына қатысып, өнерін ортаға салған Қанат Әлжаппаров біраз тәжірибе жинаған соң "Базар жоқ" театрының актері атанды. Әзіл ордасында "аузындағы" автоматымен күллі жұртты таңғалдырған жігіт ауылдың қылжақтарымен әр шыққан сайын көпшілік назарын өзіне аударып отырды. Біз бүгін Қанаттың қазақ жайлы айтқан әдемі әзілдерін ұсынбақпыз. Өзінің отбасы арқылы күллі қазақтың үйінде кезедесетін қызықтарды жақсы үйлестіре жеткізеді.