Апта соңына дейін жеткенше асығатын сіз бен бізге арналған әзілдер топтамасын ұсынамыз. Көңілді бір көтеруге сеп болар деген үмітпен ұсынып отырған жайымыз бар.
* * * *
- Науқас, не деп шағымданасыз?
- Денсаулығыма.
- Мұныңыз қате. Ауруға шағымдану керек.
* * * *
Күні бойы қателік жасайтын адам ерте тұрады және кеш жатады.
Бастық жоқта жұмыс істеу қандай қиын. Тіпті, сыртқа шығып, темекі шегуге қорқам. Үйге кетіп қалам ба деп қорқам!
* * * *
Сен маған ұнайсың - менің ескерткім келеді!..
* * * *
Бойдақтар үйленудің қандай бақыт екенін білмейді! Үйленгендердің өзі де...
* * * *
- Біздің қыздың қолын екі бірдей адам сұрап отыр: инженер және журналист.
- Қайсысының жолы болды?
- Инженердің. Қызым журналистке тұрмысқа шықты.
сурет:glogster.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек