Қалжың қалтадан

Қалжың қалтадан

Ел арасында сақталған әзіл әңгімелер, кей қалжыңқойлардың оқыс айтып қалған сөздері көп. Бұл әрине әзіл-қалжың. Күле отырайық. 

Біреу базардан сөйлейтін тоты сатып алыпты. Үйіне келген соң әлгі тотыға «Әке деп айт!» десе оған тоты еш жауап қайтармапты. Ашуланған иесі мойнынан қылқындырып «Әке деп айт!» десе, тоты тағы үндемепті.

«Сені сатып алғанша, тауық сатып алғаным артық еді ғой» деп тауық қораға апарып қамап тастапты. Аздан соң қора жақтан тауықтардың шулағанын естіп, жетіп барса, әлгі тоты бір әтешті қылқындырып: «Әке деп айт!» деп тұр екен.

 

***

Еркектер мен әйелдер достығының айырмашылығы:

Әйелі таң ата үйіне келеді де, күйеуіне достарының үйіне қонғанын айтады. Күйеуі тексеру үшін әйелінің ең жақын он дасына қоңырау шалады. Оның бесеуі «қонған жоқ» деп айтса, қалған бесеуі басқа жерде көргенін айтады. Бұл әйелдер достығы.

Күйеуі үйіне таң ата келеді. Ол да түнде досының үйінде болғанын айтады. Әйелі тексеру үшін күйеуінің ең жақын он досына телефон шалады. Оның бесеуі «иә, біздің үйде қонды» десе, қалған бесеуі «әлі ұйықтап жатыр» деп айтады.

 

***

Аграрлық университеттің студенттерін практика кезінде сиыр фермасына апарып, "сиыр сауыңдар" депті. Бәрінің қолына бір-бір шелек беріп, толтырып келуді бұйырған екен. Тек бір қыз студент қана ештеңе шығара алмапты. Кешіге берген соң, қасына жетіп барған мұғалімі ашуланып:

- Болды! Саумай-ақ қой, андағың сиыр емес, бұқа, - деген екен.

 

***

Енесі келінінен:

- Атаңа тұрмысқа шыққалы қанша жыл болғанын білесің бе?

- 30 жыл болған шығар...

- Ой, айналайын, оны қайдан білдің?

- Атам ылғи «Тісімді-тісіме басып, төзіп келе жатқаныма отыз жыл» деп күрсінетін.

 

***

75 жастағы кемпір мен 25-тегі жас жігіт үйленіпті. Ертесі отауда өліп қалған жігітке тексерушілер «Уақыты өткен сүт ішіп, уланып өлген» деген үкім шығарыпты.

 

***

Біреу жедел жәрдемге телефон шалып тұр:

- Ало, Ало! Тез жетіңіздер менің балам қаламымды жұтып қойды. Тездетіңізші...

- Жарайды. Қазір...

- Сіздер келгенше не істеуім керек? Тездетіңіздер...

- Қарындашпен жаза тұрыңыз.

 

***

«Емтиханнан неге нөл алдым?» деп сұраған оқушыға мұғалімі: «Нөлден төмен нөмір жоқ болғандықтан» деп ашуланып тұр дейді.

 

***

Қайтыс болған кісіні жерлемек болып, көтеріп қалған кезде абайсыздан қолы сылқ ете түсіпті. Сонда көтеріп тұрған жігіт: «Алла-ай мына кісіні өлтіріп ала жаздадым ғой» деген екен сасқалақтап.

 

***

Әжесі немересіне:

- Балам, маған ештеңе айтпай-ақ қой, мен бәрібір естімеймін.

- Әже, мен сөйлеп тұрған жоқпын. Сағыз шайнап тұрмын.

- Немене, сөйлемесең аузың қыши ма, - деп кейіген екен.

 

***

- Әке. Осы президент пен халықтың, министр мен қауіпсіздік комитетінің айырмашылығы неде?

- Мысалы, мен президентпін, шешең қаржы министрі, әжең қауіпсіздік көмитеті, ал сендер халықсыңдар, - деп түсіндіріпті.

Ертесіне жұмыстағы әкесіне телефон шалып:

- Құрметті президент, қаржы министрінің бөлмесіне бөтен президент кіріп кетті. Қауіпсіздік комитеті шырт ұйқыда. Ал халық алаңдаулы, – деген екен.

 

***

- Қазіргі жастар шашты бірінен-бірі қысқа қояды. Киінген киімі анау, қайсы ұл, қайсы қыз екенін білмейсің. Қарашы ана қыздың түріне?!

- Қателестіңіз, ол менің ұлым.

- Кешіріңіз, сізді оның әкесі деп ойламаппын.

- Жоқ, мен оның шешесімін.

 

***

Күйеуі әйелінің мысығын өлердей жек көреді екен. Үнемі ұстап алып, орманға апарып тастаса, мысық жайбарақат есікті тырмалап тұратын көрінеді. Ашуы алқымына келген күйеуі мысықты қалтаға салып, он шақырым жүрген соң, солға бұрылып тағы 15 шақырым, одан тағы шығыс солтүстікке 12 шақырым, батысқа 20 шақырым жүріп, мысықты сонда тастап кетіпті.

Түн жарымында әйеліне телефон жалғап: - Мысық қайтып келді ме? – деп сұрапты.

-  Кешкісін қайтып келген. Сен қайдасың?!

-  Ана хайуанға телефонды берші! Мен адасып қалдым, - деген екен.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: protraffik.ru

Қ. Қауымбек