Дәрігер маскүнем науқасқа:
-Қолыңыз қатты дірілдейді екен. Арақты көп ішесіз-ау шамасы? - депті.
-Жоқ, көбін төгіп алам.
♦♦♦
Бiр кiсi дүкенге келедi:
- Нан бар ма?
- Жоқ.
- Шай бар ма?
- Жоқ.
- Қант ше?
- Жоқ.
- Дүкендеріңде ештеңе жоқ болса, неге жауып тастамайсыңдар?
- Оған кілт те жоқ...
♦♦♦
Бір күні 4 жігіт ішімдік ішіп, орманда шулап отырады. Кенет қарауыл мылтығын кезеніп, келіп қалады:
— Жерге жатып жүзіңдер, - дейді.
Әлгі 4 баланың біреуі екіншісіне:
— Мынаны төртеуміз жабылып ұрайық, -деп ұсыныс тастайды. Сөйтсе анау:
— Мылтығы бар емес пе? Қайта сүңгіңдер демегеніне шүкір, - депті.
♦♦♦
Күйеуі күні-түні достарымен бірге көңіл көтеріп, үйіне кеш оралады. Үйіне келсе, әйелі қолына үлкен сағат ұстап, алдынан шығады да:
-Ей, сен кеше кеткеннен бүгін келіп тұрсың ғой. Сағат неше болғанын білесің бе? - деп сағатын көрсетеді. Сонда күйеуі:
- Сен тыңда, мына сағат ештеңе емес, сенің енең атаңды сағатпен емес, күнтізбемен қарсы алатын, -деген екен.
♦♦♦
- Қарындас, сізбен танысуға рұқсат па?!
- Кешіріңіз, мен таныс емес адамдармен таныспайды екенмін.
- Олай болса, танитындармен барып танысыңыз!
Оқи отырыңыз:
Қорқақтың қулығы
Көңіл қалауы – күлкі
Көңілдің кілті – күлкіде
Мүлкің жоғалса да, күлкің жоғалмасын
Сурет :ru.gde-fon.com