Қалжың қалта

- Достым, құлағыңды неге сонша байлап алғансың?

- Киім үтіктеп жатқанымда телефонның шырылдағаны бар емес пе?

- Сонымен?

- Сонымен несі? Тұтқаның орнына үтікті алыппын.

- А, түсінікті. Ал екінші құлағыңа не болды?

- Дәрігер шақырдым.

Жазатайым оқиғалардың 49%-ы «Менің қалай жасай алатыныма қарашы» деген сөздерден кейін болады. Ал қалған 51% пайызы «Олай емес, былай жасау керек» деген сөздерден кейін болады.

- Қалай ойлайсың маған патент бере ме?

- Зерттеуіңнің мәні неде?

- Керегеден өтуге көмектесетін құрал.

- Мәссаған! Қалай аталады?

- Есік.


- Анашым, мен миды қайдан алдым?

- Әкеңнен...

- Оны қайдан білесіз?

- Менікі өзімде.


- Қымбаттым, менің жақсы және жаман жаңалығым бар.

- Жақсысынан баста.

- Бізге көлік сервисінде жеңілдік жасайтын болды.


Таңертең анасы қызынан:

- Қызым, түнде қатты құлаған не нәрсе?

- Киім.

- Бірақ даусы қатты шықты ғой?

- Мен ішінен шығып үлгермедім.


Күйеуі:

- Соншама ұзақ хатты жіберген кім?

- Университетте бірге оқыған құрбым ғой.

- Ол не деп жазған екен?

- Барлығын кездескен кезде айтып беремін дейді.

Дайындаған: Томирис Сағындық

Сурет: liveinternet.ru