Еуропаның бір бай азаматы жеке ұшағымен ұшып келе жатқан кезде ұшағы бұзылып Африканың ну орманының біріне құлайды. Әзер жаны аман қалған ұшқыш кездейсоқ жергілікті тайпаның адамдарымен жолығып қалады. Ұшқыш:
– Мен ана жерде жатқан үлкен темір құспен келдім. Темір құс ауырып құлап түсті, – деп ағылшын тілінде түсіндіруге тырысыпты. Әлгілердің бірі миығынан күліп, қасындағысына сыбырлайды:
– «Боинг» апатқа ұшыраған кезде ұшқыштың миына зақым келген-ау деймін. Ұшатын құс, анау-мынау деп не далбасап тұр? – деген екен.
Бірде анасы баласынан жұмыстан келе салып:
– Үсен, күнделігің қайда?
– Оны Асан ата-анасын қорқытуға алған.
– Түсінікті. Тоқтай тұр. Не дейсің?
Мұғалім Асаннан сұрап жатыр:
– Асан шалбарыңның бір қалтасында он теңге, екінші қалтасында отыз теңге болса, бұл не деген сөз?
– Демек, мен басқа біреудің шалбарын киіп кеттім.
Алтыншы сыныпта оқитын Әділдің кешкілік: «О, Құдайым Анкараны Колумбияның астанасы қыла көрші» деген сөздерін естіген анасы:
– Не айтып жатырсың балам-ау? – деп сұрай қалады.
– Ой, мама, мен географиядан емтихан тапсырдым. Колумбияның астанасы Анкара деп жіберіппін.
Бөлімшеде кезекші болып отырған полицейге бір кісі жүгіріп келіп:
– Тез, жүріңізші, көмектесіңізші! – дейді.
– Не болып қалды?
– Көршім тағы да мас.
– Бола берсін.
– Әйелін ұрып жатыр.
– Ұра берсін.
– Бізге пышақ ала ұмтылды. Бәріңнің бытшытыңды шығарамын дейді.
– Дей берсін.
– Полицейлердің бәрі ақымақ, бәрі нақұрыс деді.
– Не дейді? Қане жүр!
Оқи отырыңыз:
Бұралқы сөз күлмекке жақсы
Бұл қызық: Сезімтал сәби (Видео)
Тайлар мен аттардың қар лақтырысуы
Дәрігерге барсаң тексеріліп бар! (әзілдер)
Дайындаған: Жұлдыз Телемісова
Сурет: sobiratelzvezd