Жұмысқа қабылдану алдында бастық пен жұмысшы алдын ала жолығып, әңгімелеседі. Кей бастықтар қызық-қызық сұрақ қойса, одан да өтер күлкілі жауап беретін адамдар болады. Айтқан сөзін сол жерде ісімен-ақ дәлелдейтін адамдар әрекетіне езу тартпау мүмкін емес. Сондай қожанасырлау адамдардың жұмысқа қабылданар алдындағы әңгімеде берген жауабын оқып, демалыста күліп отырыңыздар.
– Өзіңіздің жақсы жағыңызды айтсаңыз?
– Жарайды, сізге уақыты келгенде өзіміз хабарласамыз.
– Мен осы жерде күтемін.
* * *
– Қандай кемшілігіңіз бар?
– Шектен тыс тура жүремін.
– Меніңше, бұл қайта жақсы сияқты?
– Маған сіздің не ойлайтыныңыз маңызды емес.
* * *
– Мықты тұстарыңызды атап өтесіз бе?
– Логика.
– 5 жылдан соң өзіңізді қалай елестетесіз?
– 27 жасар адам боламын.
* * *
– Адекваттық деңгейіңізді сипаттап беріңізші.
– Мен селфи жасамаймын.
– Жұмысқа қабылдандыңыз.
* * *
– Сіздің жағымды жағыңыз қандай?
– Тез ғашық боламын.
– Ал, осал тұсыңыз ше?
– Сіздің терең де жұмбақ, ойлы көздеріңіз...
* * *
– Өзіңізді екі ауыз сөзбен сипаттай аласыз ба?
– Бәрі болды...
* * *
– Қандай кемшін тұсыңыз бар?
– Тұйықпын.
– Ал, артықшылығыңыз ше?
– Көп сөйлемеймін.
* * *
– Қандай мықты жағыңыз бар?
– Менменмін.
– Біз сізге келесі апта хабарласамыз.
– Керек емес, оған дейін басқа жұмыс тауып аламын.
Жалғасы бар...