- Негізгі бет
- Езутартар
- Жұмысқа орналасушылардың күлкілі...
Жұмысқа орналасушылардың күлкілі жауаптары #2
Жұмысқа қабылдану алдында бастық пен жұмысшы алдын ала жолығып, әңгімелеседі. Кей бастықтар қызық-қызық сұрақ қойса, одан да өтер күлкілі жауап беретін адамдар болады. Айтқан сөзін сол жерде ісімен-ақ дәлелдейтін адамдар әрекетіне езу тартпау мүмкін емес. Сондай қожанасырлау адамдардың жұмысқа қабылданар алдындағы әңгімеде берген жауабын оқып, демалыста күліп отырыңыздар.
– Мақсатыңызға жету жолында қаншалықты тұрақтысыз?
– Мен Excel кестесінің соңына дейін жеткенмін.
– Қабылдандыңыз!
* * *
– Алдыңғы жұмысшы қайда?
– Жүктілік демалысында.
– Сіздерде қауіпті екен.
* * *
– Осы жұмыста қандай тәжірибеңіз бар?
– Мен еден жуушы болып орналасайын деп отырмын ғой.
– Неге дәл біздің еденді жуғыңыз келді?
* * *
– Кемшіліктеріңізді атап өтсеңіз?
– Жалқаумын.
– Бар-жоғы сол ма?
– Басқаларын айтуға ерініп тұрмын.
* * *
– Алдыңғы жұмысыңыздан неге шығып кеттіңіз?
– Ал осындай керемет жұмысты бұрынғы жұмысшы неге тастап кетті?
* * *
– Университетте үйреткеннің барлығын ұмытыңыз. Ол мұнда пайдаға аспайды.
– Мен университетте оқыған жоқпын.
– Олай болса, жұмысқа жарамайсыз. Бізге тек Жоғары білімі бар адам қажет.
* * *
– Қандай артықшылықтарыңыз бар?
– Мен өте табанды адаммын. Бірде іздегенімді табу үшін Google-дің 27-бетіне дейін барғанмын.
* * *
– Сіздің түйіндемеңіз бізді тәнті етті, жеке сөйлескен кезде де директорға аса ұнадыңыз.
– Сіздер әлі менің сау кезімді көрген жоқсыздар ғой.
* * *
– Сәлеметсіз бе! Мен әңгімелесу кезеңіндемін.
– Сәлеметсіз бе! Сіз әңгімелесу кезеңіндесіз.
– Мен әрдайым алдын ала ойланамын.
– Қандай артықшылығызды атай аласыз?
@. @assel_assanova